Қымбатты ұстаздар! Құрметті оқушылары!
2023-2024 оқу жылының аяқталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі күн – оқушылар үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Қазіргі таңда елімізде білім беру ісіне, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп, оқушылардың сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болулары үшін барынша жағдай жасалынып келеді.
Сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы қызметі үшін ұлағатты ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Барша жас түлектердің алдағы сынақтардан жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңа тілектеспіз. Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
(сурет интернеттен алынған)