Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің бақылау іс-шараларымен 2023 жылы 386 білім беру ұйымы қамтылды.
Мемлекеттік аттестаттау 305 ұйымда (179 мектепке дейінгі ұйым (24 мемлекеттік және 155 жекеменшік), 99 мектепте (91 мемлекеттік және 8 жекеменшік), 27 колледжде (18 мемлекеттік және 9 жекеменшік) өткізілді, жоспардан тыс тексерумен 10 білім беру ұйымдары (1 балабақша, 8 мектеп, 1 колледж) қамтылды, «1000 мектеп» жобасы аясында 69 мемлекеттік мектепте мониторинг жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 24 мемлекеттік балабақшадан 13-і (олардың жалпы санының 54%), 91 мемлекеттік мектептен 11-і (12%), 18 мемлекеттік колледжден 7-сі (38%) бірінші реттен аттестатталды.
Анықтама үшін: Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу мәселелері (бұдан әрі – Мемлекеттік аттестаттау) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағымен, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137 және 141-1-баптарымен, білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарымен реттеледі[1].
Мемлекеттік аттестаттауды Министрліктің аумақтық бөлімшесі - Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Деартамент) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бес жылда бір рет бармай профилактикалық бақылау арқылы Департамент басшысының 2023 жылғы 29 қарашадағы бұйрығымен бекітілген 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес жүргізеді және оның мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – Мемлекетттік стандарт) талаптарын сақтау болып табылады.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына 4 ұйғарым шығарылып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты 3 әкімшілік іс қозғалды[2]
2023 жылы бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған негізгі кемшіліктерді атап өткім келеді:
- 21 мектепте жұмыс оқу жоспарлары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі;
- 1 мектепте оқытылатын пәндер бойынша мұғалімдердің білімі туралы дипломы сәйкес келмеуі (Қарасай ауданындағы О.Жандосов ат. ОМ-те 3 мұғалім);
- 5 мектепте мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан өтпеуі[3];
- 27 мектепте мұғалімдердің біліктілік санатының жоқтығы немесе уақытылы растамауы[4];
- 5 мектептің 9-сынып оқушылары мектептерді мемлекеттік аттестациялау шеңберінде тестілеу кезінде шекті деңгейден өте алмау, «академиялық адалдық» қағидасының бұзылуына байланысты бір мектептің қорытындысы жойылды (Еңбекшіқазақ ауданындағы Ә.Молдағұлов ат. ОМ), Еңбекшіқазақ ауданындағы Құрөзек мектебінде 9-сынып оқушылары екі рет шекті деңгейге жете алмады;
- 52 мектепте мұғалімдерді жұмысқа қабылдау талаптарының сақталмауы. 466 мұғалімнің 13-і конкурссыз қабылданған;31 мектеп Ұлттық білім беру деректер қорында сәйкессіздіктердің анықталуы.
2024 жылы мемлекеттік аттестаттаумен 302 білім беру ұйымы (202 мектеп және 100 балабақша) қамтылатын болады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аттестаттау 50 мектепке дейінгі ұйымдарда (мемлекет. - 7, жеке - 43) және 30 (мемлекет. - 29, жекеменшік-1) мектептерде жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бірінші реттен тек 10 балабақша (жалпы санынан 20%) және 1 (бір) мектеп (жалпы санынан 3%) аттестатталды. 30 мектептің тек 1 мектебі (1 мемлекеттік Ж.Каипов атындағы орта мектеп) немесе жалпы мектептердің санынан 3,3% - ы мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, 29 мектеп (28 мемлекеттік және 1 жекеменшік) аттестатталмады.
2024 жылғы бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша анықталған негізгі кемшіліктер:
- 11 мектепте жұмыс оқу жоспарының, білім беру ұйымының басшысы бекіткен сабақ кестелерінің мемлекеттік стандарт талаптарына және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі анықталды;
- 22 мектепте типтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұнын игерілмеген;
- 3 мектепте білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейіндік оқыту іске асырылмаған;
- 2 мектепте тәрбие жұмысы жүзеге асырылмаған;
- оқу процесін ұйымдастыру 9 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін (жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын) есепке алмай ұйымдастырылған;
- 13 мектепте таңдау бойынша курстар мен вариативті компоненттің факультативтері іске асырылмаған;
- 15 мектепте «Өмір қауіпсізідік негіздері» міндетті оқу курсы жүзеге асырылмаған;
- 11 мектепте жол қауіпсіздік ережелері міндетті оқу курсы іске асырылмаған;
- 6 мектепте білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталмаған;
- 6 мектепте білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі (инвариантты, вариативті және түзету компоненттері) сақталмаған;
- сыныптарды топтарға бөлуге қойылатын талаптар сақталмаған, оның ішінде 2 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып;
- 2 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптары орындалмаған;
- 9 мектепте тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын дайындық деңгейіне қойылатын талаптар сақталмаған;
- 24 мектепте білім алушылардың оқу жетістіктерін (формативті және жиынтық бағалау) бағалауға қойылатын талаптар сақталмған;
- 2 мектепте педагогтер біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеген;
- 1 мектепте кешенді тестілеу нәтижелері бойынша төмен көрсеткіш (Алматы облысы Іле ауданы №34 ОМ нәтижелері жойылды).
Біліктілік талаптарын бұзу:
- 5 мектептегі бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы- педагогтердің, зерттеуші- педагогтердің, шебер- педагогтердің үлесі біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
- 1 мектепте төтенше жағдайлар, 3 мектепте Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының актілері жоқ;
- 1 мектептегі нақты деректер ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес келмейді:
- 3 мектептің үшінші деңгейлі домендік атауы жоқ.
2024 жылы мемлекеттік аттестаттаумен 202 мектеп қамтылатын болады. 2027 жылға дейін облыстың барлық мектептері мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтеді.
Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар-10 мамыр аралығында аттестатталған білім беру ұйымдарының саны төмен болып қалуда.
2024 жылы тексерудің жаңа түрі енгізілді. Ол білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру[5].
Осы тексеріспен ағымдағы жылы облыстың 47 білім беру ұйымы (45 мектеп және 2 колледж) қамтылатын болады.
Бүгінгі таңда Департаментпен Жамбыл (4 мектеп), Кеген (7 мектеп), Қарасай (1 мектеп) және Еңбекшіқазақ (8 мектеп) аудандарының 20 мектебі тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша 18 мектепке қатысты әрқайсысына 45 айлық есептік көрсеткіш (166 мың 140 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қолданылды. Сонымен қатар, 2 (екі) айға 4 мектептің лицензиясы (Жамбыл ауданының Шиен ОМ, Қ. Нұрпейісов ат. МЛ, Ақсай ОМ, Кенсу аулының бастауыш мектебі) және 1 (бір) айға 8 мектептің (Еңбекшіқазақ ауданының Құрөзек НОМ, Ш.Уалиханов ат. №1 ОМ, Балтабай ОМ, Талдыбұлақ ОМ, Өрнек БМ, Еңбек ОМ, Қайрат НОМ, Екпінді НОМ) лицензиясы тоқтатылды.
2023 жылы және 2024 жылдың 10 мамырға дейән өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша анықталған аталған проблемаларды шешу үшін облыс әкімдігіне мыналарды Білім басқармасына тапсыру қажеттілігі туралы ұсыным жасалды:
- типтік оқу жоспары мен Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс оқу жоспарларын құру, мектепішілік бақылауды жүргізу және ҰБДҚ толтыру бөлігінде мектептерді әдістемелік қолдауды күшейту;
- оқытылатын пәнге сәйкес мұғалімдердің дипломдарына тексеру жүргізу;
- үш жылда бір реттен кем емес мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуін қамтамасыз ету;
- педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіруді, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін бес жылда кемінде бір рет арттыруді (растауды) қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау, барлық білім беру ұйымдарында педагог кадрларды жұмысқа қабылдау мәселелері бойынша мониторинг жүргізу;
- Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
[1] Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 486 бұйрығы;
[2] «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес басшының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан тәрбиеленушілерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соғуы (3-бөлігі) және білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі (6-бөлігі)
[3] «Білім туралы» ҚРЗ 37-баптың 4-тармағына сәйкес бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің бiлiктiлiгiн арттыру үш жылда бір реттен сиретпей жүзеге асырылады;
[4] «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ 15-бабы 3-т. сәйкес педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті
[5] Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 366 бұйрығы