Білім туралы құжаттарды апостильдеу «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу»[1] мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.
2024 жылдың 1-тоқсанында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 14 өтініш қаралды, оның ішінде 8 құжат апостильденді, 6 өтінішке бас тартылды.
Апостильденген құжаттар бойынша:
жалпы орта білім туралы аттестат – 6;
техникалық және кәсіптік білім туралы диплом - 2
Елдерге кету картасы:
Италия – 3;
Польша – 3;
Словения – 1;
Түркия – 1.
Бас тартылған құжаттар бойынша:
жоғары білім туралы диплом – 2;
жалпы орта білім туралы аттестат – 2;
негізгі орта білім туралы аттестат – 1;
табель – 1.
Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде.
Мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша қағидалар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.
Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.