Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі- Департамент) тарапынан «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 57-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабына, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтың құжаттардын тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.
Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі негізінде көрсетіледі.
2024 жылдың 4-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштің 35-і қаралды (8-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 27-тен бас тартылды).
Мемлекеттік қызмет көрсетілген 8 өтініштің қорытындысы негізінде:
1 мектепке лицензия берілді («Алматы облысы білім басқармасы Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№25 мектеп-гимназия» КММ),
1 мектепке лицензияға қосымша берілді («Алматы облысы білім басқармасы Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 40 жалпы білім беретін орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ),
6 мектептің лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімделді («Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңа Текес орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалкөде орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№12 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жеке-меншік білім беру мектебі «ДАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қонаев колледжі» мекемесі).
Бас тартылған 27 өтініш бойынша:
10 – лицензия: «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 54 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, "Talim-IQ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «МАQ Bolashaq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «МАQ Bolashaq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкдала ауылының орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкдала ауылының орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 49 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі,
16 - лицензияға қосымша: "Elite School KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі -2, «Медициналық колледж «Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-3, «RIZA-2017 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 3, «Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-2, «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны-4, «Алматы облысы білім басқармасы Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 40 жалпы білім беретін орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Мейір» жекеменшік мектеп-гимназиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»,
1- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу: («Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№12 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен немесе ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмағандықтан дәлелді бас тартылды.