Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру ұйымдарында 2023 жылы жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындылары туралы есебі
2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының бекітілген тізбесіне сәйкес, облыстың білім 305 беру ұйымдары (жоспар бойынша 310), атап айтқанда 27 колледж (18 мемлекеттік, 9 жекеменшік), 99 мектеп (91 мемлекеттік, 8 жекеменшік), және 179 балабақша (24 мемлекеттік, 155 жекеменшік) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі- ҚР МЖМБС) талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтті.
Жабылуына байланысты Іле ауданындағы «Нұрсерік» бөбекжайы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы «Солнышко-2015» балабақшасы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген.
Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында 87 (28,5%) білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен, олар 9 колледж (7 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 12 мектеп (11 мемлекеттік, 1 жекеменшік) және 66 балабақша (14 мемлекеттік, 52 жекеменшік).
Мемлекеттік аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзу фактілері анықталғандықтан 218 білім беру ұйымдары (71,4%), оның ішінде 18 колледж (66,6%), 87 мектеп (87,8%) және 113 балабақша (63,1%) аттестатталмады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар
Мемлекеттік аттестаттау 184 балабақшаның 179 жүргізілді.
Жабылуына байланысты 5 балабақшаларға мемлекеттік атестаттау жүргізілмеді (Іле ауданы «Нұрсерік» бөбекжайы, «Балдәурен» балабақшасы, «Бөбек» балабақшасы, Еңбекшіқазақ ауданы «Солнышко-2015» балабақшасы және Ұйғыр ауданы “Амина” балабақшасы).
179 балабақшаның 66 ғана (36,8%) (13 мемлекеттік және 53 жекеменшік) мемлекеттік аттестаттаудан өткен: Іле ауданы – 25, Талғар ауданы - 16, Қарасай ауданы – 12, Жамбыл ауданы - 8, Еңбекшіқазақ-4, Қонаев қаласы – 1.
113 балабақша, оның ішінде 11 мемлекеттік және 102 жекеменшік, аттестатталмады.
Орта білім беру ұйымдары
99 мектептің ішінен 12 мектеп аттестатталды: Жамбыл ауданындағы Қарғалы №2 мамандырылған лицей, Іле ауданындағы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі, Қарасай ауданындағы А.Байсалбаев атындағы орта мектебі, Қонаев қаласындағы Д.Қонаев атындағы №1 орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия және орта мектеп-гимназия, Талғар қаласындағы №8 Ю.Гагарин атындағы мамандырылған лицей, Балқаш ауданындағы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп-гимназия, Райымбек ауданындағы Т.Мұсақұлов атындағы орта мектеп және А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп, Талғар ауданындағы №19 орта мектеп және «Sholpan.kz» ЖШС ч «Келешек» жекеменшік мектебі.
87 мектеп, оның ішінде 80 мемлекеттік және 7 жекеменшік аттестатталмады.
Қайта мемлекеттік аттестаттаудан 3 мектеп өтпеді: Ұйғыр ауданындағы Шырын орта мектебі және Хамраев атындағы орта мектеп, Еібекшіқазақ ауданындағы Құрөзек негізгі орта мектебі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
27 колледждің 9 ғана мемлекеттік аттестаттаудан өтті, олардың 7 мемлекеттік (Алматы экономикалық колледжі, Қонаев қаласындағы көпсалалы колледжі, Шелек политехникалық колледжі, Қаракемер кәсіптік колледжі, Кольсайский профессионально-технический колледж, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі, Алматы областық колледж инновационных технологий в сфере сервиса и питания) және 2 жекеменшік колледжі (Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі және Панфилов ауылындағы көпсалалы облыстықүздіксіз білім беру колледжі)
18 колледж, оның ішінде 11 мемлекеттік және 7 жекеменшік аттестатталмады.
Қайта мемлекеттік аттестаттаудан Талғар гуманитарлық- экономикалық өтпеді.