Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Алматы облысының Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 153 өтінішті қарады.
Лицензиялау толық автоматтандырылған электрондық форматта электрондық үкіметтің http//www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш берушімен тікелей байланыс алынып тасталды, барлық операциялар электрондық портал арқылы жүзеге асырылады, бұл қызметтің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
Өтініштерді қарау нәтижесінде Қарасай ауданы, Батан ауылындағы орта мектепке, «Menin mektebim» ЖШС-не, «Қазақ-Британ Халықаралық мектебі» ЖШС-не, «Аниса» жекеменшік мектебі» ЖШС-не, «Montessori Dala» ЖШС-не, «Средняя школа «Мирас» ЖШС-не лицензия берілді, «Elite School KZ» ЖШС-не, «Частная интеллектуальная школа «Юнона» ЖШС-не, «Немере» жалпы білім беретін мектеп» Жеке мекесіне, «Қазақ-Британ Халықаралық мектебі» ЖШС-не лицензияға қосымша берілді, атаулары мен заңды мекен-жайы өзгеруіне байланысты 59 мектеп, 12 колледждің лицензия және/немесе лицензияға қоысымшалары қайта ресімделді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің (бұдан әрі – ҚР ОМ) 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының көрсеткіштері мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептері бойынша 65 өтінім лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беруден бас тартылды, оның ішінде лицензия беруге-33 өтініш, лицензияға қосымшаларды беруге – 32, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 7.
Департаментте білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Комиссия құрамына Алматы облысының Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің, Алматы облысының білім басқармасының, Алматы облысының құрылыс басқармасының, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының, Алматы облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының өкілдері кіреді.
Лицензиясыз білім беру қызметіне байланысты Талғар қаласындағы №25, Қарасай ауданындағы Батан ауылындағы орта мектеп, Іле ауданының №49, №50, №51 орта мектептерінің материалдары Департамент тарапынан сотқа жолданды. Сот қаулысымен аталған мектептер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қараша айында Департамент Талғар қаласындағы №25 орта мектеп, №49 орта мектеп, №50 орта мектеп, Іле ауданындағы №51 орта мектептерге қатысты материалдарды тағы да сотқа жолдады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Департаменттің сайтында және Instagram, Facebook және Telegram әлеуметтік желілерінде барлық ақпарат орналастырылады.