Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың 1-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет «Білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Лицензиялау электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электрондық форматта толық автоматтандырылған http//www.elicense.kz жүйесі арқылы жүзеге асады. Өтініш берушімен тікелей байланыс алынып тасталды, барлық операциялар электрондық портал арқылы жүргізіледі, бұл қызметті орындаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 04.01 -  30.06.2023 ж. аралығында мемлекеттік қызмет көрсетуге 71 өтініш қаралды, 6 өтініш қаралуда. Қарау қорытындысы бойынша "Elite School KZ" ЖШС лицензиясына қосымша берілді, атауларының, заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты 41 мектепке,                12 колледжге лицензиялар және/немесе лицензияға қосымшалар қайта ресімделді.

Білім беру ұйымдары көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептері бойынша 17 өтініш бойынша лицензия және/немесе лицензияға қосымшалар беруден бас тартылды, оның ішінде.

4 өтініш бойынша лицензия алуға: Қарасай ауданы Батан ауылының ОМ-2, Талғар ауданы «Аниса» жекеменшік мектебі» ЖШС-2;

лицензияға қосымшалар беруге-9: колледждерге – 2 (Талғар политехникалық колледжі, кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі), мектептерге - 7 (Қарасай ауданының «Shoqan Ualikhanov ullniq mektebi» ЖШС, Іле ауданының «Частная интеллектуальная школа "Юнона " ЖШС - 2, Талғар ауданының №40 ОМ – 4);

лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуде-4: мектептер – 4 (Ұйғыр ауданының Абай атындағы МГ-2, Талғар ауданының «Жеке-меншік білім беру мектебі «Дана» ЖШС, Еңбекшіқазақ ауданының №1 ОМ).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында департаменттің интернет-ресурсында, әлеуметтік желіде Instagram, Facebook, Telegramm 4 жарияланым орналастырылды.

Лицензиялау толығымен электрондық форматта "Е-лицензиялау"мемлекеттік дерекқоры арқылы жүзеге асырылады.

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың 1-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет «Білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Дата публикации
12 июля 2023