Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 1 –жартыжылдығында жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындылары туралы есебі

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 1 –жартыжылдығында жүргізілген мемлекеттік бақылаудың  қорытындылары туралы есебі

 

          2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының бекітілген тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында облыстың білім беру ұйымдарының 98,5% (133), атап айтқанда 27 колледж, 23 мектеп, және 83 балабақша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі- ҚР МЖМБС) талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтті. 

        Жабылуына байланысты Іле ауданындағы «Нұрсерік» бөбекжайы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы «Солнышко-2015» балабақшасы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген.

        Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында 42 (31,5%) білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен, олар 9 колледж (7 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 4 мектеп (барлығы мемлекеттік) және 29 балабақша (13 мемлекеттік, 16 жекеменшік).

83 балабақшаның 29 ғана мемлекеттік аттестаттаудан өткен: Іле ауданы – 8, Талғар ауданы - 6, Еңбекшіқазақ, Қарасай ауданы – 5 балабақшадан, Жамбыл ауданы - 4, Қонаев қаласы – 1.

        23 мектептің ішінен 4 аттестатталды: Жамбыл ауданы Қарғалы №2 мамандырылған гимназиясы, Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі, Қарасай ауданы А.Байсалбаев атындағы орта мектебі, Қонаев қаласы Д.Қонаев атындағы №1 орта мектебі.

        27 колледждің  9 ғана мемлекеттік аттестаттаудан өтті, олардың 7 мемлекеттік (Алматы экономикалық колледжі, Қонаев қаласындағы көпсалалы колледжі, Шелек политехникалық колледжі, Қаракемер кәсіптік колледжі, Кольсайский профессионально-технический колледж, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі, Алматы областық колледж инновационных технологий в сфере сервиса и питания) және  2 жекеменшік колледжі (Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі және Панфилов ауылындағы көпсалалы облыстықүздіксіз білім беру колледжі)

Мемлекеттік аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзу фактілері анықталғандықтан 18 колледж (66,6%), 19 мектеп (82,6%) және 54 балабақша (65,1%) аттестаттаудан өтпеді.

 

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 1 –жартыжылдығында жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындылары туралы есебі
Дата публикации
12 июля 2023