Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық есебі
Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.
Департамент «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО порталы арқылы» және қағаз түрінде қатаң Заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.
Департаментке 2023 жылдың 1-тоқсанында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 12 құжат апостильденді.
Апостильденген құжаттар бойынша:
Елдерге кету картасы:
Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде.
Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша қағидалары департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.