Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық есебі

Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»  бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық  есебі

 

       Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі- Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының                    57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,  діни білім беру  ұйымдарының  білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтың құжаттардын тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

         Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі негізінде көрсетіледі.

          2023 жылдың 1-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген өтініштің 30-на мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 5 - қаралуда.

            Мемлекеттік қызмет көрсетілген 30 лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімделді (Каскелен Гуманитарлы-Техникалық Колледжі, К.Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей, Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 арнаулы гимназиясы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі -4, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі, №3 облыстық арнайы мектеп-интернат, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі,  Шонжы политехникалық колледжі, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі, Талғар агробизнес және менеджмент  колледжі, А.Сәрсенбайұлы атындағы ОМ, Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ ОМ, Қонаев қаласының Көпсалалы Облыстық Үздіксіз Білім беру Колледжі, Қапал батыр атындағы ОМ, Қ.Қайсенов атындағы №4 ОМ, Қалжат ОМ, №1 облыстық арнайы мектеп-интернаты, А.Жұбанов атындағы №5 ОМ, Шырын ОМ, М.Хамраев атындағы ОМ, №2 ОМ, №17 жалпы білім беретін ОМ, №3 ОМ,  №2 облыстық арнайы мектеп-интернаты, Орта мектеп – гимназия, Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжі, Ж.Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін ОМ).

       15 колледждің 28 мамандық бойынша 31 біліктіліктің лицензияға қосымшалары қайтарылды.

       Облыста 5 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз атқаруда (Іле ауданы Қараой ауылындағы №49 ОМ, Қосөзен ауылындағы №50 ОМ, №51 ОМ, Қарасай ауданы Батан ОМ, Талғар ауданы №25 ОМ).

       Білім беру қызметін лицензиясыз атқарып жатқандары үшін Департамент тарапынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 463-бабы 1-тармағы бойынша 5 мектептің құжаттары сотқа жолданған. Соттың шешімімен әр мектептің лауазымды тұлғасына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық есебі
Дата публикации
13 апреля 2023