Білім беру саласының сапасы ең алдымен педагогтің кәсіби деңгейіне байланысты. Бүгінде мұғалім тек білім беруші емес, ол — тәлімгер, зерттеуші, білім беру ортасын ұйымдастырушы және заманауи технологияларды тиімді қолданатын маман.
Соңғы жылдары Қазақстанда педагог мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы, еңбекақы жүйесінің жетілдірілуі, әлеуметтік кепілдіктердің кеңеюі, кәсіби даму мүмкіндіктерінің артуы мұғалім мамандығының беделін көтеруге ықпал етті. Сонымен қатар қазіргі қоғам педагогтен жаңа құзыреттерді, цифрлық сауаттылықты және үздіксіз дамуды талап етеді.
Заманауи педагог білім алушылардың тек білімін емес, олардың сыни ойлау, қарым-қатынас жасау, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған тұлға қалыптастырушы маманға айналды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары да мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, білім беру сапасын арттырудың тиімді мүмкіндігіне айналып келеді.
Педагог мәртебесінің артып келе жатқанын халықаралық зерттеулер де көрсетеді. TALIS-2024 нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда мұғалімдердің 82 пайызы өз мамандығын қоғам құрметтейді деп есептейді. Педагогтардың 95 пайызы кәсібіне қанағаттанатынын, ал 80 пайызы қайтадан осы мамандықты таңдайтынын атап өткен. Бұл көрсеткіштер білім беру саласындағы реформалардың нәтижесін көрсетеді.
Педагог мәртебесі оның құқықтары мен міндеттерінің үйлесімінен қалыптасады. Заң педагогтардың кәсіби құқықтарын қорғап, оларды өз міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға, негізсіз есеп талап етуге және білім беру процесіне жат міндеттер жүктеуге жол бермейді. Мұндай талаптарды бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
Сонымен бірге жоғары мәртебе үлкен жауапкершілікті талап етеді. Педагогикалық әдеп, әділдік, кәсіби мәдениет пен қоғам сенімі — мұғалім беделінің басты негіздері. Әсіресе цифрлық дәуірде педагогтің әлеуметтік желідегі мәдениеті, білім алушылардың деректерін қорғауы және технологияларды этикалық қолдануы да маңызды.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер білім беру ұйымдарындағы кәсіби мәдениетті нығайтуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және педагогтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар білім беру саласындағы сенімді арттырып, қолайлы кәсіби орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Педагог мәртебесі —құқықтар мен мемлекеттік қолдау ғана емес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Заманауи талаптарға сай, білікті әрі жауапты мұғалім —сапалы білім мен саналы ұрпақ қалыптастырудың басты кепілі.
Гүлнар СӘРСЕНҒАЛИЕВА,
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
https://aqtobegazeti.kz
Бүгін Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салалықаралық кеңес отырысына Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е. Каратаев пен бас маманы Л. Кализина қатысты. Кеңес барысында жеке мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, білім беру ұйымдарын лицензиялау кезінде ескерілетін негізгі талаптар мен рәсімдер түсіндірілді. Сонымен қатар, саладағы өзекті мәселелер талқыланып, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Жаңа халықтық конституция құндылықтары негізінде техникалық және кәсіптік білім: сапалы кадр даярлау, цифрландыру және еңбек нарығымен ықпалдастықтың стратегиялық бағыттары
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысында Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Б. Каратаев «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру қызметін лицензиялау: сапаны қамтамасыз етудің негізгі талаптары мен өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Секция барысында білім беру қызметін лицензиялауға құжаттарды дайындау кезінде нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы редакциясын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының лицензияға қосымша алу бағытында жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, лицензиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.
Лицензиялау – тек құжат рәсімдеу немесе рұқсат алу үдерісі ғана емес, ең алдымен, білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды тетігі.
Басты мақсатымыз – лицензия алу емес, лицензия талаптарына тұрақты түрде сәйкес келетін, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру!
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған Алтынай Суйебаевна Калышеваның Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдау рәсімі өтті.
Ант беру – мемлекеттік қызметшінің елге адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға деген жауапкершілігін айқындайтын маңызды рәсім.
Мемлекеттік қызмет – зор жауапкершілік пен жоғары сенім жүктейтін мәртебелі міндет. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде адалдықты, кәсібилікті, әділдік пен халыққа қызмет ету қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс.
Ант қабылдаған әріптестерімізге мемлекеттік қызметтегі еңбектеріне табыс, жауапты қызметіне абырой және ел игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының ұйымдастыруымен тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфирге Департаменттің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Б. Каратаев қатысып, білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Атап айтқанда, келесі мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме берілді:
🔹 «Білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау»;
🔹 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың шығатын ресми құжаттарын апостильдеу».
Эфир барысында аталған мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, талаптары және өзекті мәселелер түсіндіріліп, азаматтар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
📢 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттандыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аттестаттауға қатысатын сарапшыларға арналған семинар 29 мамыр күні өткізілді.
📍Семинар барысында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізудің қолданыстағы қағидалары, сарапшылардың құқықтары мен міндеттері, бағалау критерийлері, құжаттарды зерделеу тәртібі және қорытынды әзірлеу мәселелері жан-жақты қарастырылды.
📌Іс-шара барысында қатысушыларға аттестаттау рәсімін жүргізу кезінде бірыңғай тәсілдерді қолдану, заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаттарын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тәжірибелік кейстер талқыланып, сарапшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
📍Семинар қорытындысында қатысушылар мемлекеттік аттестаттауды жүргізудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, білім беру ұйымдарының қызмет сапасын бағалаудағы жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Семинар сарапшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және аттестаттау рәсімдерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.
2026 жылдың 20 тамыз күні Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Сарсенгалиеваның төрағалығымен «Білім саласындағы мәселелер» тақырыбында онлайн форматта Ақтөбе облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі және аудандық білім бөлім басшыларымен жиналыс өткізілді.
Жиын барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірқатар маңызды ақпарат ұсынылды.
📌 Күн тәртібінде:
🔹 Облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдері мемлекеттік мекемелеріне жүргізілген жоспарлы тексерулердің қорытындысы қаралды.
Баяндама жасаған – Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Б.Т. Колкабаев.
🔹 Орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды.
Баяндама жасаған – Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А.С. Калышева.
Жиында білім сапасын арттыру, анықталған кемшіліктерді жою және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына сапалы әрі толыққанды дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті әлеуметтік қолдауды қажет ететін бір отбасының үш баласына жаңа оқу жылына дайындалуына көмек ретінде ақшалай қолдау көрсетті.
🤝 Бұл бастама балалардың мектепке қажетті оқу құралдарын алып, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына мүмкіндік беруге бағытталды.
Әр балаға жасалған қолдау – оның білім алуға деген мүмкіндігін арттырып, болашағына жасалған маңызды қадам.
💙 Балаларға қолдау көрсету – ортақ міндетіміз!
Білім сапасын қамтамасыз етуге, білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын жүзеге асыруға, сондай-ақ педагогтердің кәсіби әдеп нормаларын нығайту мен құқықтарын қорғауға қосқан елеулі еңбегі үшін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиал басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Абишева Нұргүл Молдабайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы С. Әшіровтің және Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Г. Сарсенгалиеваның Алғыс хаттарымен марапатталды.
Еңбегіңіз жемісті, мерейіңіз үстем болсын! 💐
📚Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Ғабдушев бастаған жұмыс тобы Ақтөбе облысындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
🏫Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы №87 және №81 мектептерге, сондай-ақ Темір ауданындағы Баишев атындағы мектеп пен №2 Кеңқияқ мектебіне барды.
📌Мектептердің материалдық-техникалық базасы, пәндік және STEM кабинеттерінің, зертханалар мен спорт залдарының жабдықталуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жасалған жағдайлар, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуы зерделенді.
📌Сонымен қатар, педагогтер мен басшы кадрлардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.