PISA зерттеуіне дайындық жұмыстарына моторинг жүргізілді

PISA зерттеуіне дайындық жұмыстарына моторинг жүргізілді

Ақтөбе облысындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қала мектептеріндегі 15 жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық PISA зерттеуі дайындығына мониторинг жүргізді. Департамент мамандары  PISA зертеуіне қатысатын оқушылар саны, қолданыстағы тренажерлардың түрі, бекітілген мұғалімдер мен олардың семинардан өтуі сияқты жұмыстардың барысын қарады. Сонымен қатар бейнекамералардың болуы, копьютерлердің дайындығы мен білім алушыларға логин, құпия сөздерінің берілуін тексеріп, тиісті ұсыныстар берді.