«Ақпараттық сағат» бағдарламасына қатысты

«Ақпараттық сағат» бағдарламасына қатысты

       Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешов 2024 жылдың 11 желтоқсаны күні «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында болып, «Ақпараттық сағат» бағдарламасына қатысты, Департамент тарапынан 2024 жылы өткізілген бақылау шаралары туралы айтты.

       Мемлекеттік аттестация 176 мектепте, 81 мектепке дейінгі ұйымда болды. Білім беру мекемелерінің 81,8 пайызы жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болмай, аттестатталмады.

       Бару арқылы профилактикалық бақылау үстіміздегі жылы бір білім беру мекемесінде болып кемшіліктер анықталды, оны жоюдың нұсқамасы берілді.

       Сондай-ақ 9 білім беру мекемесінде біліктілік талаптарға сәйкестігі тексеріліп, 8-інде кемшіліктер анықталды.

       Жоспардан тыс тексерістер 20 колледжде, 21 мектепте, 52 мектепке дейінгі ұйымда және 1 қосымша білім беру мекемесінде өткізілді.

        Білім беру мекемелерінің оқу процесі қызметіне мониторинг 173 білім беру мекемесінде өткізіліп, анықталған кемшіліктер жауапты мекемелермен болған кездесулерде көтерілді, арнайы хаттар жолданды, жойылуы Департамент тарапынан бақылауға алынды.