
Ақтөбе облысындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен кезекті аппараттық жиналысы өткізілді. Онда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е.Дауеновтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістегі тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді. Жауапты мамандарға бақылау шараларының сапасы, білім беру ұйымдарының кітаппен қамтылуы, білім алушылардың қауіпсіздігі мен лицензиясыз жұмыс жасап жатқан мектептер бойынша жұмыстар үнемі бақылауда болып, департамент басшысына ақпарат ұсыну тапсырылды.