
1 қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында шаралар өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері де қатысты. Ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім саласында жасалып жатқан игі істер мен бастамалар туралы айтты. Білім алушылар үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар, пәндік кабинеттердің жабдықталуы, оқулықтардың цифрлық форматқа ауысуы, көптеген жаңа мектептердің пайдалануға берілуі, «Жайлы мектеп» - ұлттық жобасы туралы айта келе, 2024-2025 жылғы оқу жылында ұстаздарға шығармашылық табыс, білім алушыларға жоғарғы жетістіктер тіледі.