Ақтөбе облысындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиева «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз кеңесіне қатысты.

        Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін педагогтердің облыстық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында облыс әкімі қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап білім беру саласының дамуына тоқталды. Білім саласын қаржыландыру көлемі 250 млрд. теңгеге дейін өскендігін айтқан өңір басшысы, алдағы уақытта беру ұйымдарын жарақтандыру және жаңғыртуға ерекше назар аударатынын, күрделі жөндеу, апатты және үш ауысымды мектептерге қатысты мәселелер жүйелі түрде шешілетінін жеткізді. Облыстық білім басқармасының басшысы Ж.Сұлтан жасанды интеллект технологияларын цифрландыру және енгізу мәселелерін, сондай-ақ оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың жаңа тәсілдері туралы тоқталды. Ақтөбе облысындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиева былтырғы жылды қорытындылап, алдағы уақытта кезек күттірмей атқарылуы тиіс мәселелер туралы айтты.