
Ақтөбе облыстық білім басқармасымен бірге облыс әкімдігінің өңірлік ақпараттық қызмет орталығында «Жаңа оқу жылына дайындық туралы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында 50 білім беру ұйымдарына оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг кезінде оқулыққа сұраныс және оқулықпен қамтамасыз ету шаралары, интернет жылдамдығы, санитарлық талаптар, спорт залдардың жабдықталуы мен жылыту маусымына дайындық, қауіпсіздік шаралары мен пәндік кабинеттердің жабдықталуы сияқты бағыттарда мектептердің дайындығы қаралды. Брифинг кезінде Мемлекеттік аттестаттау, біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеру кезіндегі анықталған кемшіліктерге де тоқталдық.