Мемлекеттік аттестаттау өткізу туралы семинар

Мемлекеттік аттестаттау өткізу туралы семинар

      2024 жылдың 5 наурызында Департамент тарапынан 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Ақтөбе қаласындағы орта білім беру ұйымдарының басшыларына  арналған  оффлайн форматта семинар өткізілді.

      Семинарға Департаменттің басшысы Г. Сарсенгалиева, департамент мамандары, қалалық білім бөлімінің басшысы М. Қосымбаева, білім бөлімінің жауапты мамандары, 45 мектептің директорлары мен сарапшы педагогтер, барлығы 61 адам қатысты.

      Семинарда ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» № 486 бұйрығының талаптарына және білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.