Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы

Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы

2024 жылғы 23 ақпанда департамент басшысы Г.Сарсенгалиеваның төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы өткізілді. Отырыста педагогикалық әдепті сақтамау бойынша бір өтініш қаралды. Өтінішті қарау кезінде педагогикалық әдепті бұзған педагогке қатысты тиісті шараларды анықтау және қабылдау бойынша сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.

Консультативтік-кеңесші органның мүшелері педагогикалық әдептің қпғидаларын сақтамағаны үшін Хромтау ауданының білім бөлімінің Сарысай орта мектебінің басшысына байланысты тиісті тәртіптік шара қолдануды ұсынды. "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының өтініші негізінде Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Сазды орта мектебіне педагогикалық әдеп қағидаларын түсіндіру бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылды.