
Өңірдегі білім саласын жетекшілік ететін облыс Әкімі аппаратының басшысы Амир Д.Д. басшылығымен білім саласындағы мәселелер бойынша отырыс өткізілді. Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева өз баяндамасында Департаментпен жүргізілген бақылау шараларының келесі нәтижелерімен таныстырды: білім беру ұйымдарда жүргізілген аттестаттау, келіп түскен арыз-шағымдар негізінде жүргізілген тексерулер, мониторинг қорытындылары.
2023 жылы 871 бақылау шаралары өткізілді. Оның ішінде 171 (36-колледж, 57-мектеп, 78-балабақша) білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, оның 90 пайызы (154 ББҰ) аттестаталмады, 1007 кемшілік анықталды. Бұл мекеме қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмейтіндігін білдіреді.
33 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеріс өткізіліп, оның 75,8 % (25 мектеп) бұзушылық анықталды. Басшылардың әкімшілік құқық бұзушылықтары бойынша 18 факті тіркелді.
Тексеру нәтижелері және келіп түскен материалдар бойынша 40 әкімшілік іс қозғалды. Департаментпен 362,5 АЕК (1250,6 мың теңге), соттың шешімімен 83,5 АЕК (288,1 мың теге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, басқару менеджментінің төмендігі баяндалды.