Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау міндеттемелері

Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау міндеттемелері

      2023 жылы тексеру барысында 15 білім беру ұйымында үлгілік қағида талаптарының бұзушылығы анықталып, 9 лауазымды тұлғаға, 6 заңды тұлғаға 185 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

       Білім беру мекемесінде үлгілік қағида талаптарының бұзушылығы бір жылдың ішінде қайталану фактісі тікелді.

       Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен реттелген.

    Кемшіліктер келесідей болды:

  • Формативтік бағалаудың, электронды журналдың талаптары бұзылған;
  • Мектеп Жарғысының талаптары орындалмаған;
  • Педагогикалық әдеп кеңесі талапқа сәйкес өткізілмеген;
  • Педагогтер мерзімді біліктілігін арттырмаған;
  • Педагогтердің атқаратын қызметі дипломындағы біліктілігіне сәйкес келмеген;
  • Балабақша әкімшілігі мен тәрбиеленушінің заңды өкілі арасында өзара қарым-қатынас шарты  рәсімделмеген.