Білім беру стандарты талаптарының бұзушылықтары

Білім беру стандарты талаптарының бұзушылықтары

        2023 жылы түскен арыз-шағымдар негізінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі себепті 7 бұзушылық фактісі анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 бабы, 6 бөлімімен  6 лауазымды тұлғаға, 1 заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық шарасы қолданылды, 105 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

        Бұзушылықты жоюдың нұсқамасы беріліп, кемшіліктің жойылуы және оны болдырмау бағытында бақылауға алынды.

        Кемшіліктер келесідей болды:

  • Колледжде мамандықтар бойынша оқу жоспарының әзірленбеуі;
  • Оқу жұмыс жоспарының талапқа сәйкес құрастырылмауы;
  • Педагогтердің  атқаратын лауазымы бойынша біліктілігін, біліктілік санатының деңгейін арттырмауы;
  • Электронды журналдың талапқа сәйкес толтырылмауы;
  • Сабақ беретін пәніне дипломындағы біліктілігі сәйкес келмейтін педагогтердің жұмыс жасауы.