Жаңғыртылған мектептерге жүргізілген мониторинг қорытындысы

Жаңғыртылған мектептерге жүргізілген мониторинг қорытындысы

         2024 жылғы 23-25 қаңтар аралығында Департамент мамандары облыстың 17 жаңғыртылған білім беру ұйымдарын қамти отырып, мониторинг жүргізді. Зерделеу жұмыстары жаңартудың 7 бағыты бойынша жүргізілді:  күрделі жөндеу жүргізу;  пәндік кабинеттермен жабдықтау;  мектеп жиһаздары мен кеңсе жабдықтарын жаңарту; кітапханаларды жаңғырту; асханаларды жаңарту; қауіпсіздікті қамтамасыз ету;  мектептің безендірілуі.

         Жаңғырту жоспарына сәйкес бір мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл мониторингпен қамтылған мектептердің жалпы санының 5,9% құрайды. Осы бағдарлама бойынша 17 мектептің 10 (58,8%) химия кабинеті, 12 (70,6%) физика кабинеті және 7 (41,2%) мектебіне биология кабинеті сатып алынған. Мониторингпен қамтылған 17 мектептің 15-інде (88,2%) мектеп асханаларының жиһаздары, ұйымдастыру техникасы және мектеп жиһаздары жаңартылған. 17 мектептің 2-нде (11,8 %) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілген, қосымша бейнекамералар орнатылған, ЖБО-ға қосылған.

         "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында 16 (94,1%) мектептің кітапханаларына жаңғырту жұмыстары жүргізілген, жиһаздары жаңартылған.

          Мониторинг барысында барлық 17 мектепте жоспарланған 7 бағыт бойынша жаңғырту жүргізілмегендігі анықталды.