
2024 жылғы 25 қаңтарда Департамент басшысы Г. Сәрсенғалиеваның төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның (ККО) отырысы өтті.
Жоспарға сәйкес ККО хатшысының 2023 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалып, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары келісілді. Аталған отырыста "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінде "академиялық адалдық" қағидаттарын бұзған педагогтер туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жіберген материалдары қаралды. Сұрақтар бойынша мәселелерді анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін отырысқа Хромтау, Ырғыз және Мұғалжар аудандарының білім беру ұйымдарының басшылары және "академиялық адалдық" қағидаттарын бұзған педагогтер шақырылды.
Комиссия мүшелерінің материалдарды зерделеу және қарау нәтижелері бойыншар Ырғыз ауданының білім беру ұйымының математика пәні мұғалімінің іс-әрекетінде "академиялық адалдық" қағидаттарын бұзу жағдайлары анықталмады.
Сонымен қатар, Хромтау, Мұғалжар аудандарының білім беру ұйымдарының басшыларына WhatsApp арқылы олимпиада материалдарын жіберіп, "академиялық адалдық" қағидаттарын бұзған химия пәнінің мұғалімдеріне қатысты тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.