Ата-аналар балаларының сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті

Ата-аналар балаларының сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті

Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылы баласын сабаққа қатысуын қамтамасыз етпей отырған 5 ата-анаға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, «Ескерту» түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық шарасын қолданды.

Ата-аналарға әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса белгіленген құқықтық заңдылық аясында қатаң жауапкершілік қолданылатындығы ескертілді, бүгінгі күнге балаларының сабаққа қатысуы қамтамасыз еткен.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабымен  ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндеттілігі айқындалған. Заң талабы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 409-бабы 2-бөлігімен ата-анаға немесе өзге де заңды өкілдеріне тисті жауапкершілік белгіленген.