Сыбайлас жемқорлықпен күрес - өзекті мәселелердің бірі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - өзекті мәселелердің бірі

18 қаңтар күні Департамент мамандары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы филиалының басшысы Мустафина Асель Сагингалиевнаның қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесті Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева жүргізіп, аталмыш шараның мақсатымен таныстырды.

Асель Мустафина өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың түрлері, яғни парақорлық, тамыр- таныстық, бопсалау, тапсырыстар беру, әйгілі «блат» (қол жеткізу үшін жеке байланыстарды пайдалану) секілді көріністеріне тоқталып өтті. Мұның қай түрі болмасын, ауыр қылмыс, заң бойынша жазаланатынын атап айтты. Осыған орай, 2023 жылғы 29 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданып, қазіргі таңда күшіне енгенін және осы бұйрықтың  басты міндеті –парақорлыққа қарсы белсенді күресу екендігін баяндады.

Қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар қылмыстық іс жүргізу және еңбек кодекстеріне сәйкес мемлекеттің қорғауында болатыны, сонымен қатар «қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен де қорғалатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Мухамбеталина мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отыратын ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысынан хабарлама жасады.

Семинар сұрақ-жауап, пікір алысу форматында өтті.