
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін облыстағы білім беру ұйымдарының арасында «Мемлекеттік аттестация –білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында "Zoom" платформасы арқылы облыстық әдістемелік орталығының қолдауымен онлайн форматта семинар өткізді.
Облыстың білім беру ұйымдарының басшыларымен өткізілген семинарда «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығы негізінде мектептердің мемлекеттік аттестаттауға дайындығы, өзін-өзі бағалаудың жасалуы, бағалау өлшемшарттары мен ата-аналар, педагогтар, білім алушылар арасында өткізілетін сауалнамалар жайлы ақпарат берілді.
Мемлекеттік аттестаттауда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкестігі қаралатыны жайлы бағдар берілді. Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.