Білім беру мекемелеріне жүргізілген аттестаттау қорытындысы

Білім беру мекемелеріне жүргізілген аттестаттау қорытындысы

Департамент 2023 жылы барлығы 171 білім беру мекемесінде (колледж-36, мектеп-57, балабақша-78) бекітілген кесте бойынша мемлекеттік аттестаттау өткізді.

Аталған білім беру мекемесінің ішінде 7 колледждің, 1 мектептің және 9 балабақшаның білім беру қызметінде жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының сәйкестігі анықталды, «Аттестатталды

Аттестатталмаған білім беру мекемелерінде кемшіліктердің жойылуына қайта бақылау жүргізіліп, бір мектепе бұзушылықтың жойылмауы анықталды, үстіміздегі жылдың І жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін болады.

Кемшіліктерді болдырмаудың алдын-алу мақсатында білім беру мекемелерінің басшыларымен Департамент тарапынан тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.