Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі

 

          Ақтөбеде "№17 Гимназия" КММ базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі басталды. Облыстық кезеңге 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша 1083 оқушы қатысуда. Пәндік олимпиада электрондық форматта екі турда өткізілуде.

          «Физика» және «Химия» пәндері бойынша эксперименттік турлар жүреді (практикалық).

          Олимпиадаға қатысушылар жұмыс орнымен, жауап парақтарының бланкілерімен, оны оқыту тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтылған. Ашықтық және академиялық адалдық мақсатында олимпиаданы өткізу процесі онлайн режимінде көру үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, олимпиаданың өткізілуін бақылау үшін ата-аналар комитетінің өкілдері шақырылған. Байқаушылар ретінде білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, "Адалдық алаңы", өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, журналистер мен ЖОО ғалым-оқытушылары қатысуда.