Жаңа жыл қарсаңында

Жаңа жыл қарсаңында

 

            Жаңа жыл қарсаңында департамент басшысы Г. Сарсенгалиева педагог-сарапшыларға шығармашылық белсендігі және қызметіндегі елеулі жетістіктері үшін білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.

            Педагог-сарапшылар кездесу барысында Комитет пен департамент қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, 2023 жылғы жетістіктерімен және алдағы жылға қойылған мақсаттарымен бөлісті. Сарапшылар Департамент комиссиясының құрамында мемлекеттік аттестаттау мен тексерулерге қатысу оларға тек қана білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы білімдерін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар басқа да білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мүмкіндік бергенін атап өтті.