
2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды.
Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды.
ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ
• 2023 жылдың қаңтарында педагогтердің жалақысы тағы 25% -ға көтерілді;
• 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардың 97 мың педагогінің еңбекақысының төлемі тағы 30% өсті;
• «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы іске асырылуда;
• Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы әзірленді;
• 143 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
• Мұғалімдер күнін мерекелеу күні 5 қазан болып бекітілді.