Бағдарлама аясындағы іссапар барысында Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева Хромтау қаласындағы «№1 Хромтау орта мектебі» КММ-де барды.
Мектептің тыныс-тіршілігімен танысу кезінде оқу кабинеттері заман талабына сай жиһаздармен және техникалық құралдармен «Қазақстан халқына» және «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорлары тарапынан толық жабдықталғаны анықталды.
Қазіргі таңда мектепте акт залы, спорт зал, технология кабинеті (қыздар және ұлдар кабинеті), Арт-студия, телестудия, Стем лаборатория, робототехника, логопед, психолог кабинеті, биология және химия, география, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі кабинеттері, АӘжТД кабинеті, кітапхана, мұғалімдер бөлмесі, 6 бастауыш сынып және мектепалды даярлық кабинеттері іске қосылған. Жабдықтау барысында акт залына LED экран, оқу кабинеттерінің барлығына интерактивті панель, компьютер, принтер құрылғылары орнатылған.
№1 Хромтау орта мектебі тірек мектебі ретінде «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында 3 магниттік мектеппен (Никельтау ОМ, Құдықсай НМ, Абай НМ) онлайн форматында физика, математика, химия, биология, ағылшын тілі пәндері бойынша жауапты мұғалімдер құрамы бекітіліп, оқу процесі жүргізілуде. Мониторинг барысында аталған магниттік мектептің оқушыларына биология сабағы онлайн форматта жүргізіліп жатты.
Оқушылармен болған әңгімелесу барысында цифрлық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар қызықтырақ өтетінін жеткізді.
Мектептің материалдық-техникалық базасының заманауи технологиялармен жабдықталуы білім беру сапасын арттыруға өз әсерін тигізетіні анық.
Мониторинг барысында мектептің жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетілді.