Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мамандарымен 2023 жыл барысында кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламауына қатысты заңда көрсетілген міндеттерін орындамауға жол берген білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-1 бабымен екі әкімшілік іс материалдары қозғалып, әкімшілік соттың қарауына жолданды.

Әкімшілік іс қозғалған оқиғаларға тоқталар болсақ, «Aktobe_sergek» instagram әлеуметтік желісінде 2022 жылдың 17 қазанында «Дедовщина в школах или что скрывают учителя?» материалы жарияланды.
Осы жарияланымға сәйкес орын алған оқиға бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасының 20.01.2023 жылғы хабарламасы негізінде Департаментпен дереу әкімшілік іс қозғалып, Шалқар ауданы, Б.Сүлейменов атындағы орта мектебі директорының оқу ісінің орынбасары тарапынан ата-анамен «дедовщина» туралы әңгімелесу барысында балаға әлімжеттік (буллинг) көрсету қалыпты құбылыс екендігі туралы түсінік бергендігі, айтылған жайттарға терең мән беріп, шараларын алу, мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келіспеушілік мәселесі бойынша жедел әрекет етіп, учаскелік полицияға, мектеп директорына уақытылы хабарламау фактісі дәлелденді.
​Сонымен қатар, Ырғыз ауданындағы «Дастан-2016» ЖШС «Назерке» бөбекжай-балабақшасының 01.10.2019 жылы туған тәрбиеленушісі аталған балабақшада 2022 жылдың 26 желтоқсанында столдан құлап, денсаулығына «орташа» зиян келтіруге әкеп соққан дене жарақатын алуы кезінде балабақша меңгерушісінің білім беру, денсаулық сақтау құзырлы мекемелеріне орын алған оқиға туралы хабарламағаны расталды.
​Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы Департаменттің басты назарында.
​Балаларға қатысты орын алған кез-келген оқиға бойынша дереу шаралары алынады.