2023 жылғы 13 желтоқсан күні «1000 мектепке әдістемелік қолдау» республикалық жобасына енген облыстағы 58 мектептің әкімшілігімен «Мектепішілік бақылауды үйлестіру» тақырыбында кезекті семинар-кеңес өтті.
Кеңеске Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева қатысты.
Бекітілген жоспарға сәйкес Ақтөбе қаласы №3 орта мектебінің директордың оқу-тәрбие бойынша орынбасарлары А.Батенова мен Г.Куликенова «Организация внутришкольного контроля в СШ №3» тақырыбында, Алға ауданы Тоқмансай орта мектебінің директоры Қ.Жетесова «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәжірибесі» және Байғанин ауданы С.Ешбаев атындағы орта мектебінің директоры Н.Дауылбаева «Зерттеу, зерделеу және шешімін табу» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу барысында Ақтөбе қаласының №3 орта мектебі мектепішілік бақылау бойынша пайымдау жасаса, Алға ауданының Тоқмансай орта мектебі мектепішілік бақылау бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады, ал Байғанин ауданы С.Ешбаев атындағы орта мектебі мектепішілік бақылау нәтижелері туралы айтты.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда білім беру ұйымдары мектепішілік бақылаудың мәнісін толық түсінбейді және осының салдарынан аталмыш бақылаудың толық жүзеге асырылмауы орын алып жатады.
Ішкі және сыртқы бақылауды салыстыру жұмыстары ұйымдастырылып, талдаулар толық жасалмайды.
Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыратын және жетілдіретін тұлға болғандықтан, мектепішілік бақылаудың дұрыс жүргізілуі білім сапасының жоғарлауына оң әсер ететіндігін ескеруі тиіс.