Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтер лауазымға тағайындау туралы

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтер лауазымға тағайындау туралы
Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдай алады. Білім беру ұйымы жариялаған хабарландыруда көрсетілген құжаттардың барлығы да тапсырылуды қажет етіледі. Хабарландыруда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз бола алады.
Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолдайды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. Конкурс отырысында әр кандидатқа бағалау парағы толтырылып, ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсыныс беріледі. Ал кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдап, нәтижесі бойынша қызметке бір кандидат тағайындалады.
Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілетін күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жариялану тиіс.