Прокурорлық тексеруге қатысу ​

Прокурорлық тексеруге қатысу  ​

2023 жылғы 27 қараша мен 7 желтоқсан аралығында білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Л. Кализина Ойыл және Қобда аудандарының прокуратурасымен ұйымдастырған жалпы білім беретін мектептердің қызметтеріне кешенді тексеруге қатысты. Тексеру барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептердің білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеуі, дабыл түймелерінің, бастауыш сынып оқушыларына арналған жеке шкафтардың, ауыз су бұрқақтарының болуы және т. б. мәселелер қамтылды.
​Тексеру қорытындысы бойынша оқытылатын пәннің дипломдық бейіні бойынша сәйкес келмейтін педагогтерді жұмысқа қабылдау фактілері, педагогтердің бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі, жеке шкафтардың болмауы, бейне бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс жасамауы және басқа да бұзушылықтар анықталды.