
2023 жылғы 27 қараша – 1 желтоқсан аралығында Хромтау ауданының Құдықсай негізгі мектебіне мемлекеттік аттестаттау шарасы өткізілді.
Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы) негізінде жүргізілген мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымының әкімшілігімен 6 желтоқсан күні ZOOM арқылы тыңдалым ұйымдастырылды.
Осы тыңдалым барысында білім беру ұйымына орын алған кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге қатысты әдістемелік ұсынымдар берілді.