Ағымдағы жылдың 5 желтоқсаны күні Департамент тарапынан 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдарының өкілдерімен, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен онлайн семинар өткізілді. Онлайн семинарда ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» № 486 бұйрығының талаптарына және білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.