АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Білім басқармасынан келіп түскен материалдар бойынша мектеп жасындағы балалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша білім алумен қамтылмауы, Ресейдің жеке мектебінде онлайн форматында оқитыны баяндалған. Осы мәліметтің негізінде 2023 жылдың 5 желтоқсаны күні әкімшілік іс материалдары қаралды.
Нәтижесінде балалардың анасы заң талаптарын біле тұра мектеп жасындағы балаларының тегін жалпы орта білім алумен қамтылмауына қатысты заңда көрсетілген міндеттерін орындамауға жол бергені анықталып, ата-анаға «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды (ҚР ӘҚБтК-нің 409 бабы 2-тармағы).
Сонымен қатар, ата-анаға мектеп жасындағы балаларын тұрғылықты мекенжайы бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар жалпы білім беретін оқу орындарында орта білім алуын қамтамасыз етуге міндеттілігі («Білім туралы» Заңының 49 бабы), белгіленген жағдайларда ғана қашықтықтан оқыту (ҚР БжҒМ 2021 жылғы 3 қарашадағы №547 бұйрық) рұқсат етілетіні түсіндірілді.