Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1. “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия немесе лицензия қосымшасын беру”;
2. “Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою”.
1. “Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру”
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру “Е-лицензиялау” ақпараттық жүйесі арқылы “электрондық үкімет”веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
“Электрондық лицензиялау” порталында қызмет алу үшін www.elicense.kz қажет:
▪ Осы бетте “Онлайн сұратым” батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде “электрондық лицензиялау” порталы ашылады.
▪ Жүйеге кіріңіз немесе “электрондық лицензиялау” порталында тіркеліңіз.
▪ Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап “Әрі қарай” батырмасын басыңыз.
▪ Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
▪ Берілген өтініш мәртебесін “Менің өтініштерім” тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы “Менің рұқсат құжаттарым” тарауынан, хабарлама алу туралы - “Менің хабарламаларым” тарауынан біле аласыз.