МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІ

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІ

6 желтоқсан күні «1000 мектепке әдістемелік қолдау» республикалық жобасына енген облыстағы 58 мектептің мектепішілік бақылауды ұйымдастыруы бойынша бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралары туралы есебі онлайн режимінде Ақтөбе облысының әдісетемлік орталығы, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттері әдіскерлерінің, білім беру ұйымдары әкімшілігінің қатысуымен берілді.
Бұл шараға Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева қатысып, жобаға енгізілген білім беру ұйымдарына жүргізіліп жатырған мониторинг шеңберінде анықталып отырған мектепішілік бақылау бойынша жоспарлау, жүзеге асырудағы кемшіліктер мен осы бағыттағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Жұмыс барысында Әйтеке би ауданы Т.Шевченко атындағы жалпы білім беретін орта мектебі мен Ақтөбе қаласы Мұқағали мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектебі әкімшілігінің мектепішілік бақылауды ұйымдастыру жолдары және оның нәтижесі туралы есебі тыңалды.
Әріптестер арасында пікір алмасу жүргізіліп, көкейтесті сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.