«1000 мектепке әдістемелік көмек көрсету» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан мониторинг барысында Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева Хромтау ауданындағы мектептерге барды.

Мұғалімнің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібімен, мектепішілік ішкі бақылаудың барысы, оқулықтармен қамтамасыз етілу, НОБД толтыру тәртібімен, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Мектепішілік бақылау – білім сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Биылғы жылы мектепішілік ішкі бақылауды жүргізу бойынша Нұсқаулық әзірленді, ол оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатпен бірге мектеп әкімшілігінің анықтамалығына айналуы тиіс.
Мектепішілік бақылауды сапалы орындау жоспарды дұрыс құрастырудан, содан кейін оны сауатты жүзеге асырудан басталады. Оның ішіне оқу процесінің сапасын бақылау, нормативтік құжаттарды орындау және мектеп құжаттамасын жүргізу, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау және оқудағы олқылықтарды толтыру, мұғалімдердің білімі, әдістемелік дайындығы мен шеберлік деңгейін бақылау, оқу-зерттеу қызметін жүргізу, тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау кіреді.

Мектепішілік бақылаудың дұрыс жүргізілуі сауатты талдаулар жасауға және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, бұл мұғалімдердің біліктілігін, жалпы білім беру қызметін және сәйкесінше білім сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс.

Мониторинг барысында мектеп қызметінде орын алған олқылықтар айтылып, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылған бөлігіне де назар аударылды, әдістемелік көмек көрсетілді.

Мониторингке аудандық білім бөлімінің басшысы Н.С.Қалниязова қатысты.