ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ​

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ   ​

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 1000 мектепке мақсатты атаулы әдістемелік қолдау көрсету бойынша тізімге енген Ақтөбе облысының 58 мектебімен бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Желтоқсанның 4-і күні Ақтөбе облысының әдістемелік орталығында мектепішілік бақылауға жауапты менторлар мен Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өкілі Жанар Мухамбеталинаның қатысуымен «Білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру жолдары» тақырыбына кеңес өтті.
Кеңес барысында
• білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру;
• жоспарды құру барысында “Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың Тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы” ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығын басшылыққа алу;
• жоспарды мектептің жағдайына бейімдей отырып құру бағыттары бойынша бірқатар мәселелер көтерілді.
«1000 мектепке әдістемелік қолдау» республикалық жобасы аясында облыстың 58 мектебімен атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.