Білім беру ұйымының қызметі бағаланды

Білім беру ұйымының қызметі бағаланды

2023 жылғы 20 – 24 қараша аралығында ИП «Каденова Н.У. «Мансур» жеке балабақшасына мемлекеттік аттестаттау шарасы өткізілді.
​Комиссия мемлекеттік аттестаттаудың бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім беру ұйымдары ұсынған өзін-өзі бағалау материалдарын (өзін өзі бағалау анықтамасы мен өзін өзі бағалау материалдарының көшірмелері) пайдаланып, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және материалдық-техникалық базасының жабдықталуы, оқу процесінің жүргізілуіне, оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың орындалуына, білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.
​Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына “үлгілі” - 5, “жақсы” - 4, “жақсартуды қажет етеді” - 3, “төмен” - 2 деңгейлерінің біріне сәйкес келетін өлшеуіштер және балл қолданылды.
Талдау нәтижесінде аталмыш білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығы талаптарына сәйкес келмеуі себепті «аттестатталмады» және анықталған кемшіліктерді жою бағытында бірқатар әдістемелік ұсынымдар берілді.