
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешовтің төрағалығымен жасақталған комиссия Байғанин ауданы Матайқұм орта мектебі ұсынған іс-құжаттары негізінде 2023 жылдың 4-8 қараша күндері мемлекеттік аттестаттау жүргізді.
Іс-құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары” негізінде қаралды.
Аттестаттау барысында мектептің білім беру қызметі жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Педагогтердің біліктілік санатының мерзімі өтіп кеткендігі және мектеп жанындағы мектепке дейінгі ұйым жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылмағандығы белгілі болды.
Матайқұм орта мектебі әкімшілігімен тыңдалым өткізіліп кемшілік жіберудің мән-жайын анықталды, кемшілікті жоюдың барысына әдістемелік көмектер көрсетілді.