
Үстіміздегі жылдың 14-16 қараша күндері Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешов Ойыл ауданы Құрман орта мектебінде, Қараой мектеп - балабақшасында, Жамбыл мектеп - балабақшасында болып білім беру қызметіне мониторинг өткізді.
Мониторинг барысында оқушылардың толық оқулықпен қамтылуы, мектеп әкімшілігі тарапынан ұлттық білім беру деректер қорының дұрыс толтырылуы, педагогтердің конкурс негізінде қабылдауы және мектепішілік жұмыстарының жүргізілуі қаралды. Тоқсан қорытындысына, қысқа, орта мерзімді жоспарларына, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауларына, электронды журналдарға жүргізілген талаулары зерделенді.
Анықталған кемшіліктерге, құжаттардың дұрыс толтырылуы, бақылау жұмыстарының жүйелі болуына түсінік жұмыстары жүргізілді.