Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы  

Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы  

2023 жылғы 10 қарашада департамент басшысы Г. Сәрсенғалиеваның төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы өткізілді. Педагогикалық әдепті сақтамау бойынша педагогтардың 3 өтініші қаралды.
Өтініштерді қарау кезінде педагогикалық әдепті бұзған педагогтерге қатысты тиісті шараларды анықтау және қабылдау үшін отырысқа қатысушылар сұрақтар қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ККО мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Қобда аудандық білім бөліміне педагогтердің педагогикалық әдептің негізгі қағидаларын сақтамауына жол бергені үшін Бестау орта мектебі директорының м.а. қатысты тиісті шаралар қабылдау ұсынылды. Қарабұлақ жалпы білім беретін орта мектебі педагогтары өтініштерінің материалдарына сәйкес мектеп директорына педагогикалық әдепті бұзған педагогтардың бір-біріне деген көзқарасы бойынша тиісті тәртіптік шаралар қабылдау ұсынылды.
Сондай-ақ, педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның өтініш материалдарын зерделеу және қарау нәтижелері бойынша мектеп басшыларына мектеп мұғалімдері арасында педагогикалық әдептің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды.