Қайта аттестаттау қорытындысы

Қайта аттестаттау қорытындысы

          Департамент тарапынан құрылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясы            2-6 қазан күндері "Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Мәртөк ауданы, «Нұр-Ай бөбек»  бөбек-бақшасы» ЖШС және Әйтеке би ауданы, «Таң Шуақ» МДҰ» ЖШС ұсынған іс-құжаттары қайта қаралды.

Аталған білім беру мекемелерінің білім беру қызметі алғашқы мемлекеттік аттесатттау барысында жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеген болатын.

Қайта мемлекеттік аттестаттау барысында кемшіліктердің жойылғандығы анықталды. Білім беру мекемелеріне «Аттестатталғандығы» туралы қорытынды берілді.

Кемшіліктерді жою бағытында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы 115 000 мың теңгеге қуыршақтар, жан- жануарлар, үстел үсті хоккей, толокар машинасы конструкторлар, «Таң Шуақ» мектепке дейінгі ұйымы» ЖШС 640 000 мың теңге көлемінде ойыншықтар алынған. Ал, «Нұр-Ай бөбек»  бөбек-бақшасы» ЖШС-гі педагогтерді біліктілікті арттыру курстарынан өткізген.