Кезекті аппараттық кеңес  

Кезекті аппараттық кеңес  

2023 жылғы 9 қазанда Департамент басшысы  Гулнара Сарсенгалиева аппараттық кеңес өткізді.
Кеңестің  күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі-Астана қаласында өткен Республикалық педагогтар съезіне қатысқан бас маман Г.Иманғалиеваның сөз сөйлеуі.
Гүлнар Имангалиева Президент өз сөзінде мемлекет тарапынан педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың қызметінің беделін арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткені туралы хабардар етті. Мұғалімнің жоғары кәсібі үнемі кәсіби дамуды, эмпатияны және өзгеруге дайын болуды талап етеді. Жалпы съезд жұмысы жемісті өткені, соңында Мемлекет басшысы қатысушыларды ҚР наградаларымен марапаттағанын айтты.
Сонымен қатар, аппараттық кеңес барысында апталық жұмыс жоспарының орындалуы мен жоспарлануы қаралды. Мемлекеттік аттестаттау, қайта аттестаттау қорытындылары, өтініштер негізінде жоспардан тыс тексерулер және Комитеттің тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымының мониторингі мәселелері талқыланды.
Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша басшы мемлекеттік аттестаттауды сапалы өткізудің және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша білім беру ұйымдарына уақтылы әдістемелік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік желілерде және Департамент сайтында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша посттарды жүйелі орналастыру туралы еске салды.