Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан есептік кезең барысында жоспардан тыс 6 тексеріс өткізіліп, оның 5-уінде бұзушылық анықталды (оның ішінде мектеп-1, арнайы білім беретін мектеп-4). Тексеріс қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік шара қабылданып, кемшілікті жоюдың нұсқамасы берілді.
Есепті кезеңде Департамент тарапынан 14 әкімшілік іс қозғалып, лауазымды тұлғаға 102,5 АЕК (353 625 теңге), заңды тұлғаға 70 АЕК (241 500 теңге) айыппұл салынды.
- лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы, оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруі (ӘҚБтК 409 б., 3т.) - 1 факті тіркелді;
-Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау (ӘҚБтК 409 б., 4-1т.) - 8 факті тіркелді;
-үлгілік қағидаларының талаптары бір жылдың ішінде қайта бұзылуы (ӘҚБтК 409 б., 7-1т.) - 1 факті тіркелді;
-Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының бұзушылығы (ӘҚБтК 409 б., 6т.) - 3 факті тіркелді;
-жеке мектепті білім беру қызметін лицензиясыз атқарғаны анықталды (ӘҚБтК 463 б., 1т.) - 2 факті тіркелді;
28 білім беру мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өткізілді (балабақша-14, мектеп-14), барлығы аттесмтатталмады. Қазіргі кезеңде 14 балабақшаға қайта аттестаттау өткізіліп, жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының бұзушылығы жойылғандығы анықталды.
Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің негізгі қызмет бағыттары – мемлекеттік қызметтер көрсету (білім беру қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарынан шыққан құжаттарды апостильдеу), қаржы-шаруашылық қызмет, әкімшілік-кадр қызметі.
Осы бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар:
Мемлекеттік қызметтер көрсету:
Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі») мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес:
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 01.07.-30.09.2023 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 56 өтініші қаралған (шілде -19, тамыз-28, қыркүйек -9) Оның ішінде:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 51 өтініш;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 5 өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға келіп түскен 51 өтініштің 42-нен қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмегендіктен себепті бас тартулар орын алды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген 5 өтініште қанағаттандырылды.
Білім беру қызметін лицензиялау сұрақтары бойынша лицензиялау комиссиясының есептік кезеңде барлығы 6 отырысы өткізілген.
2023 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында барлығы 408 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 380 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 28 өтініш түскен.
408 өтініштің 370 қанағаттандырылса 38 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Бас тартудың басты негіздері - 14 өтініш мемлекеттік төлем төленбегендіктен, 8- өтініш ұсынылған құжаттары талапқа сай келмеуіне, 8 – өтініш азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясы арқылы қайта өтініш берілуіне байланысты, 7 – өтініш негізінде берілген өтініштерін қайтарып алуына, 1- құжаттың түп нұсқасын ұсынбағаны үшін.
Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы бойынша 3 фактісі тіркелді. 26 шілдеде электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен 3-ш өтініш бойынша кешіктіруді анықтау туралы хаттама жасалды.
2023 жылдың 16 тамызында №30 ж/қ бұйрығы негізінде М.Казмукашеваға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін сақтамағаны үшін «ескерту» түрінде жаза қолданылды.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметшілер жоқ.
Департамент атқаратын функциялар қатарында «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» белгілері бар «жасырын» қызметтер қарастырылмаған.
Департаменттің ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер», «Электрондық лицензиялау» порталын пайдаланушыларына, Білім туралы құжаттарға апостиль қою атты бөлімдер қарастырылған.
Бюджет қаражатын игеру. Департаменттің барлық штат саны - 8. Мемлекеттік қызметкерлер саны 8, штаттан тыс қызметкерлер саны 3 (хатшы 1,0 бірлік, жүргізуші 1,0 бірлік, аула сыпырушы 1,0 бірлігі берілді ).
2023 жылдың 3 тоқсанындағы департаментті қаржыландыру жоспары бойынша 66348,7 мың теңге бөлінді, оның ішінде ағымдағы әкімшілік шығыстарға 63491,0 мың теңге, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз етуге 2788,8 мың теңге. 2023 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша кассалық шығыстар 66348,4 мың теңгені және игеру 100% құрады.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу қоры айына 3012,2 мың теңгені құрайды. Ел ішіндегі іссапар шығыстарын ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің ҚР шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидалары" Қаулысы негізінде есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіш, тәуліктік 2 АЕК - 6900,0 теңге қолданылады. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша шығыстар 4022,3 мың теңгені құрады.
Департамент орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 268,0 шаршы метр, ғимараттың баланстық құны 1228,0 мың теңгені құрайды. Департаменттің балансында 1 автокөлік бар.
2023 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік сатып алу бойынша 42 шарт жасалды. Бұл коммуналдық қызметтерге, автокөлікті ағымдағы жөндеуге, кеңсе тауарлары мен автокөлік бөлшектерін сатып алуға, сақтандыру төлемдеріне арналған шарттар. Есептер уақтылы тапсырылады: салықтық, статистикалық, баланс бойынша Мемлекеттік тізілімдегі БЖСО есебі, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептер, игеру бойынша есеп ай сайын тапсырылады.
Әкімшілік-кадр қызметі.
2023 жылғы 1 қазанында Департаменттің кадрлық құрамы 8 штат бірлігін құрайды (басшы – 1, басшының орынбасары – 1, білім сапасын сырттай бағалау бөлімі – 1 басшы, 2 бас маман; білім беру қызметін лицензиялау бөлімі-1 басшы, 2 бас маман).
Кадр қызметі бойынша тоқсандық, айлық есептер БССҚК-не, МҚІА Ақтөбе облысы бойынша департаментіне, ҚР БП ҚС және АЕА Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына мерзімінде жолданып отыр.
Есептік кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 1 мемлекеттік қызметші, білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Л.Е.Кализина біліктілік арттыру семинарынан өтті.
Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысы
Департамент жанынан құрылған Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары педагогтарының педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган педагогтерді өзіне тән емес функциялардан қорғауды, олардың кәсіби қызметімен байланысты емес жұмыстарға тартуды, заңда көзделмеген артық есептілікті ұсынуды, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеуді көздейтін мәселелерді қарайды.
2023 жылдың 3 тоқсанында ККО-ның 4 отырысы өткізілді.
1 отырыста білім беру ұйымдарының басшылары педагогикалық әдепті сақтамау туралы жеке тұлғаның өтініші қаралды.
ККО отырысының қорытындысы бойынша комиссия педагогикалық этиканы бұзу фактісі расталған жағдайда білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар шығарады.
Есептік кезең барысында
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері заңды тұлғаларда әртүрлі мекенжайлар бойынша орналасқан бірнеше ғимарат болған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу мәселелері бойынша түсініктемелер берді.
Семинар барысында ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығына сәйкес құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асыру үшін өтініштерді дұрыс қалыптастыру бойынша қойылатын талаптар түсіндірілді;
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева өз баяндамасында оқу жылы қарсаңында мектептерде жүргізілген мониторинг және бақылау шаралары барысында анықталған, шешімін қажет ететін мәселелерге тоқталды. Соның ішінде мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы, жаңа үлгідегі кабинеттермен, интерактивтік тақталармен, спорт залы және спорттық құрал-жабдықтармен, интернет қызметімен қамтылуы, асхана қызметінің болуы, жылу қазандықтарының дайындығы, балалардың өмір қауіпсіздігін қорғау бағытындағы жұмыстары (бейнебақылау, турникет, дабыл түймесі, күзет қызметі;
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева өз баяндамасында облыстың білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде бейнебақылау камераларының жұмысын бекітілген нормативке сәйкестендіру, мектептердегі интернет жылдамдығын көтеру, білім беру мекемелеріндегі жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау, сапалы білім беру мақсатында барлық мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттерімен (химия, физика, биология, робототехника), интерактивті тақтамен, спорт залымен, спорттық инвентарларымен қамтамасыз ету, өңірдегі білім сапасын көтеру, 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
Ақпараттық жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы үнемі өткізіледі.
Департаменттің әлеуметтік желілері қоғамды ақпараттандыру мен кері байланыс орнату үшін ең тиімді құрал болып отыр (инстаграм парақшасында 3324 жазылушы 1462 жарияланым, телеграмда 871 қатысушы, фейсбукте 1100 адам жазылған).
«Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ жүзеге асыру шеңберінде келесі жұмыстар атқарылды:
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста педагогтер тарапынан аттестация барысында тапсыратын ұлттық біліктілік тестілеуде жіберілген заңбұзушылықтар бойынша мәселелер қаралды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысын бақылау қызметі.
Есептік кезеңде ЕСЭДО, Е-Өтініш жүйелері арқылы Департаментке түскен өтініштердің жалпы саны – 35 (Өтініш жолданғаны-13, хабарламалар, сұрау салу-22);
Департаментке Е-Өтініш жүйесі арқылы 27 өтініш жолданған.
Жергілікті атқарушы органнан түскен шағымдар саны-23;
Шағымдардың қаралуы:
Департамент тарапынан қаралған шағымдар саны-20;
Әкімшілік акт қабылданды-4;
Қолайлы әкімшілік акт қабылданды-1;
Жазбаша түсініктеме берілді – 7;
Арыз иесінің өтініші бойынша қарау тоқтатылды – 4;
Жергілікті атқарушы органға қарауға жолданды-4;
Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері сақталған, заң бұзушылықтар орын алмаған.Сонымен қатар келесі мониторинг шаралары өткізілді:
1.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында білім беру ұйымдарына бару арқылы мониторинг жүргізілді.
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 15-1/3090-И хатына сәйкес Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарының қатысуымен Ақтөбе облысы Алға ауданының Бестамақ ауылынан 3 км қашықтықта орналасқан «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Күншуақ» балалар сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медициналық жабдықтармен жарақтандыру, дәрігерлік кадрлармен жасақтау және диагностика мен емдеудің қолданыстағы хаттамаларын сақтау, сондай-ақ шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету жағдайына мониторинг жүргізілді.
2) Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша жүргізілген мониторинг барысында ҚР БжҒМ 06.04.2020 ж. №130 бұйрығы талабына сәйкес мектеп әкімшілігінің мектепішілік бақылау жоспарының болуы, мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатынас, оқу пәндерінің берілу жайына жүргізілген мониторинг, қысқа және орта мерзімді жоспарлардың тексерілуі, тәлімгерлік шаралары, электронды сынып журналының жүргізілуі, БЖБ/ТЖБ орындау бойынша тексеріс, оқушылардың үлгерім табельдерінің жүргізілу барысын тексеру бағытындағы атқарылған жұмыстары зерделенді;
3) Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тапсырмасы негізінде Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылғы 10-24 шілде аралығында 409 орта білім беру ұйымдарына бару арқылы мектептердің 2023-2024 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.
Аталған іс-шараны өткізуге С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті және "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты" филиалының қызметкерлері қатысты.
Мониторинг барысында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, спорт залының, асхананың, жылы дәретханалардың болуы, жаңа модификациядағы кабинеттермен (физика, химия, биология, робототехника), интерактивті тақталармен, спорттық мүкәммалмен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ балалардың қауіпсіздік жағдайлары үшін бейнебақылау, турникет, дабыл түймесінің болуы туралы мәселелері қаралды.